
"Жетісу" клубының бас бапкері Самат Смақов Өзбекстан құрамасын 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатына шыққан тарихи жетістігімен құттықтап, Instagram парақшасында өз ойын білдірді.
Қазақ футболының аңыз ойыншысы Өзбекстан футболшыларына шын жүректен лебізін білдірді:
"Красавцы, бауырлар өзбектер! Құтты болсын!!! Жалпы жетістікке жету үшін не қажет? Балалар футболына мән беру керек, инфрақұрылымды дамыту қажет және төрешілер құрамын тәртіпке келтірген жөн. Футболға қатысы жоқ адамдар болмауы тиіс. Міне, табыс кілті – осы! Тағы да құттықтаймын, бауырлар!" – деп жазды Смақов.
5 шілде күні Өзбекстан құрамасы 2026 жылғы ӘЧ іріктеу кезеңінде Біріккен Араб Әмірліктерімен тең ойнап (1:1), топтық кезеңнің аяқталуына бір тур қалғанда финалдық турнирге тікелей жолдама алды.
Самат Смақовтың айтуынша, Қазақстанның да осындай биікке жетуі үшін нақты үш бағытта жұмыс істеу қажет: