Флориан Вирц 150 миллион еуроға жаңа клубқа ауысты
"Байер" клубының жартылай қорғаушысы Флориан Вирц ресми түрде "Ливерпульге" ауысқалы отыр.
championat.com
Трансфер бағасы — рекордтық 150 миллион еуро
Футбол әлеміндегі сенімді инсайдер Фабрицио Романоның мәліметінше, 22 жастағы Вирцтің "Энфилдке" ауысуы уақыт еншісіндегі шаруа. Қазір ойыншы медициналық тексерістен өтіп, келісімшартқа қол қоюға дайындалып жатыр.
Бұл трансфердің құны 150 миллион еуроға тең. Айта кетейік, Transfermarkt порталы Флорианның қазіргі нарықтық құнын 140 миллион еуроға бағалаған.
Өткен маусымдағы көрсеткіштері
2024/25 жылғы маусымда Вирц:
- 45 матчқа қатысты
- 16 гол соқты
- 15 нәтижелі пас берді
Ол бундеслигадағы ең жарқын шабуылдаушы жартылай қорғаушылардың бірі атанып үлгерді.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet