
Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы еуропалық мансабынан кейін Ресей Премьер-лигасына оралуы ықтимал.
Мәскеулік "Спартак" 27 жастағы футболшыны команда құрамын күшейтетін үміткер ретінде қарастырып отыр. Бұл туралы белгілі инсайдер Иван Карпов хабарлады.
"Спартактың" спорт директоры Кахигао Зайнутдиновтің трансферіне ерекше қызығушылық танытып отыр. Ол Ресей чемпионатына бейімделген және легионер мәртебесіне ілікпейді", — деп жазды Карпов.
Бақтиер Зайнутдинов қазір Түркияның "Бешікташ" клубына тиесілі. Алайда түрік ұжымы оны 4 миллион еуроға сатуға әзір. Айта кетейік, футболшы 2023 жылы "ЦСКА" -дан "Бешікташқа" 4,5 миллион еуроға ауысқан. Бірақ жарақаттар негізгі құрамда орнығуға кедергі келтірді.
Бақтиер Зайнутдинов ресейлік жанкүйерлерге жақсы таныс. Ол 2020 жылы ЦСКА сапына ауысып, үш маусым ішінде 83 ойын өткізіп, 7 гол соғып, 8 нәтижелі пас берген. 2023 жылы армиялық клубпен бірге Ресей Кубогын жеңіп, РПЛ-да күміс жүлдегер атанды.