
Миллиондаған қаржы жымқырды деген күдікке ілінген белгілі спорт қайраткерінің қайда екені белгісіз күйде қалып отыр.
Бұрынғы танымал футболшы, бапкер және "Ордабасы" ФК экс-президенті Бақтияр Байсейітов Созақ ауданындағы уран кенішінде жасалған ірі көлемдегі қаржылық алаяқтық дерегі бойынша тергеліп жатыр. Бұл туралы "Дядя Ваня" Telegram-арнасы хабарлайды.
Telegram-арна авторлары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне ресми сауал жолдап, Байсейітов ісіне қатысты мәліметтер сұраған.
Жауапқа сәйкес, 72 жастағы спорт ардагері тергеу органдарынан 994 күн бойы (шамамен 2,7 жыл) бойы жасырын жүр. Оның үстінен Астанада іздестіру ісі тіркелген. Қазір оның нақты қайда жүргені жайлы ешқандай дерек жоқ.
"Ордабасы" ФК бұрынғы президенті Б. Байсейітовке қатысты қылмыстық істің мәліметтеріне келсек, агенттіктің алдын ала тергеу деректері тек ресми дереккөздерде — «Facebook», «YouTube» және Telegram-дағы «ANTIKOR» арналарында жарияланады. Ал Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес басқа ақпараттар жария етілмейді", – деп мәлімдеді Антикор.
Тергеу болжамы бойынша, Байсейітов Түркістан облысы, Созақ ауданындағы уран кенішінде ірі көлемде қаржы жымқыруға қатысы болуы мүмкін. Бірақ іс бойынша ешқандай жаңа дерек ашық түрде жарияланбаған.