
"Боруссия" шабуылшысы Юссуфа Мукоко футболдағы жаңа белеске қадам жасамақ. Ол "Копенгаген" клубына бар болғаны 5 миллион еуроға ауысады. Бұл трансфер жанкүйерлер мен сарапшылар арасында үлкен қызығушылық тудырып отыр.
20 жастағы Юссуфа Мукоко – футбол әлемінде ерекше есімімен есте қалған ойыншы. Ол 2020 жылы Бундеслига тарихындағы ең жас дебютант әрі гол авторы ретінде рекорд орнатты. Бар болғаны 16 жасында алаңға шығып, өз талантын баршаға мойындатқан.
"Мукоко – болашақ жұлдыз. Оның ойыны мен ерте жастан көрсеткен жетістіктері таң қалдырады", — деп жазды Kicker журналы.
Бұл трансфердің басты ерекшелігі – бағасы. Мукоко сияқты дарынды ойыншы үшін 5 млн еуро өте төмен көрсеткіш деп есептеледі. Бұл "Копенгагеннің" трансферлік шеберлігін де, ал "Боруссияның" ішкі стратегиясындағы өзгерістерді де аңғартады.
Дат чемпиондары жас ойыншыны алаңда негізгі күштердің бірі ретінде қарастырып отыр. Жергілікті БАҚ бұл трансферді «маусымның басты жаңалығы» деп атауда.
Юссуфа соңғы маусымда "Боруссия" сапында тұрақты ойыншы бола алмады. Жарақаттар мен құрамдағы бәсекеоған жиі мүмкіндік бермеді. Бұл – жас шабуылшы үшін жаңа клубта өзін қайта дәлелдеудің бір жолы.