
Мадридтік клубың қорғаушысы Давид Алаба жарақат алып, клубтық әлем чемпионатына қатыса алмайды. Оның қайта қалпына келуі бір айға созылады.
Мадридтік "Реал"кезекті рет құрамның негізгі ойыншысыз қалды. 33 жастағы орталық қорғаушы Давид Алаба сол жақ балтырындағы камбаловидті бұлшықет жарақатына байланысты бір ай бойы жасыл алаңнан тыс қалатын болды.
Австриялық футболшы былтырғы маусымда тізе жарақатына байланысты ұзақ уақыт бойы ойнамады. Ол биыл қалпына келе бастағанымен енді жаңа жарақат алып, 2025 жылы АҚШ-та өтетін Клубтық әлем чемпионатына қатыса алмайтыны белгілі болды.
"Алаба толық қалпына келіп үлгермеді. Оның жарақаты команда үшін ауыр соққы", — делінген клубтың медициналық қызметі таратқан хабарламада.
Өткен маусымда Давид Алаба небәрі 14 матчқа қатысқан. Бұл оның мансабындағы ең төмен көрсеткіштердің бірі.
"Реал" клубтық әлем чемпионатының 1/8 финалында "Ювентуспен" кездеседі.