Майами-Гарденс қаласында өткен ойында испаниялық "Реал" мен италиялық "Ювентус" кездесіп, мадридтік клуб минималды есеппен жеңіске жетті.
Матчтың жалғыз әрі шешуші голын 54-минутта Гонсало Гарсия соқты. Оған нәтижелі пас берген мадридтіктерге жақында қосылған Трент Александер-Арнольд. Бұл – Тренттің "Реал" сапындағы алғашқы ассисті болып тіркелді.
Бұл ойында тағы бір маңызды оқиға болды. Шабуылшы Килиан Мбаппе клубтық әлем чемпионатында алғаш рет алаңға шықты. Француз жұлдызы екінші таймның ортасында ойынға қосылғанымен есеп өзгермеді.
Осы жеңістің арқасында "Реал" КӘЧ-2025 турнирінің ширек финалына жолдама алды. Енді мадридтіктер германиялық "Боруссия" мен мексикалық "Монтеррей" арасындағы кездесудің жеңімпазымен кездеседі.