
"Ливерпуль" швециялық шабуылшы Александр Исакқа қызығушылық танытуда.
"Ньюкасл" бұл трансферге оңайлықпен келіспек емес: ESPN мәліметінше, солтүстік ағылшын клубы Исактың трансферлік құнын кем дегенде 116 миллион фунт стерлинг деп бағалап отыр.
"Ньюкасл" өз талабын "Ливерпульдің" жақында леверкузендік "Байерден" Флориан Вирцті сатып алу кезінде төлеген сомасына негіздеп отыр. Айта кетейік, бұл сома еуро бойынша шамамен 120 миллионға тең. Бұл Исактың қазіргі нарықтық бағасынан едәуір жоғары.
Александр Исак 2024/2025 жылғы маусымда жоғары деңгейде өнер көрсетті. Ол барлық турнирде 42 матч өткізіп, 27 гол соғып, 6 нәтижелі пас жасаған. Мұндай статистика шабуылшыны Еуропаның үздік клубтарының назарында ұстауына себеп болары сөзсіз.