
Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) клубтық әлем чемпионатының форматын түбегейлі өзгертуді жоспарлап отыр.
Қазір клубтық әлем чемпионаты төрт жылда бір рет өтеді. Алайда 2029 жылдан бастап турнирді екі жылда бір рет ұйымдастыру жоспарда бар.
Бұл өзгерістер турнирдің деңгейін көтеріп, әлемнің ең мықты клубтарын бір алаңға жинауды көздейді.
ФИФА турнирдің ұзартылған форматы үшін бірқатар өзгерістер енгізбек:
2025 жылдың жазында АҚШ-та алғаш рет 32 командалық форматта клубтық әлем чемпионаты өткен еді.
Финалда лондондық “Челси” париждік “Пари Сен-Жерменді” 3:0 есебімен ұтып, жаңа жүйедегі алғашқы чемпион атанды.