"Қайрат" Чемпиондар лигасында сенсация жасады (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі

Алматының "Қайрат" ФК шотландияның "Селтик" клубымен сырт алаңда кездесіп, Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде күтпеген нәтиже тіркеді.

Матч барысы

Алғашқы таймда ойын ашық өтті. Алматылықтар бірнеше қауіпті сәт ұйымдастырды. Александр Мартынович гол соққанымен бас төреші офсайд тіркеп, таблодағы есеп өзгермеді.

Екінші таймда алаң иелері шабуылға лап қойды. Джеймс Форресттің соққысы бағанадан қайтты. Қысым артқанымен шотландиялықтар нәтиже шығара алмады. Ойын ортасында қақпашы Александр Заруцкий жарақат алып, орнына Темірлан Анарбеков шықты. Жас қақпашы қазақстандықтардың қақпасын аман сақтап қалды. Есеп 0:0.

Алдағы ойын

Қарымта матч 26 тамыз күні Алматыда өтеді. Бұл кездесуде "Қайраттың" жанкүйерлер қолдауы ерекше маңызға ие болмақ.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 4
👎 0
😂 1
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір