Бельгия Қазақстанға қарсы матчқа «Реал», «Манчестер Сити» және «Наполи» жұлдыздарын шақырды
Бельгия құрамасының бас бапкері Руди Гарсия 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіне арналған қыркүйек матчтарына шақырылған футболшылардың тізімін жариялады.
instagram/@belgianreddevils
Қыркүйектегі қарсыластар
4 қыркүйек – Бельгия өз алаңында Лихтенштейнмен кездеседі
7 қыркүйек – Қазақстанға қарсы ойнайды
Оған дейін Қазақстан құрамасы Астанада Уэльспен күш сынасады.
Қақпашылар
- Тибо Куртуа («Реал»)
- Майк Пендерс («Страсбур»)
- Матц Селс («Ноттингем Форест»)
- Маартен Вандевоордт («РБ Лейпциг»)
Қорғаушылар
- Тимоти Кастань («Фулхэм»)
- Зено Дебаст («Спортинг»)
- Максим Де Кейпер («Брайтон»)
- Кони Де Винтер («Дженоа»)
- Брэндон Мехеле («Брюгге»)
- Тома Менье («Лилль»)
- Йоакин Сейс («Брюгге»)
- Артюр Теате («Айнтрахт»)
Жартылай қорғаушылар
- Кевин Де Брейне («Наполи»)
- Николас Раскин («Рейнджерс»)
- Юри Тилеманс («Астон Вилла»)
- Ханс Ванакен («Брюгге»)
- Шарль Ванхаутте («Юнион»)
Шабуылшылар
- Миши Батшуайи («Айнтрахт»)
- Шарль Де Кетеларе («Аталанта»)
- Жереми Докю («Манчестер Сити»)
- Малик Фофана («Лион»)
- Диегу Морейра («Страсбур»)
- Лоис Опенда («РБ Лейпциг»)
- Алексис Салемакерс («Милан»)
Турнирлік жағдай
ӘЧ-2026 іріктеуіндегі J тобында Бельгия әзірге үшінші орында тұр. Бірақ өткізген ойын саны аз. Қазақстан құрамасы төртінші орынға жайғасқан.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet