
Англия құрамасының және «Кристал Пэлас» қорғаушысы Марк Гехидің «Ливерпульге» ауысуы жүзеге аспады. Бұл туралы беделді инсайдер Давид Орнштейн хабарлады.
1 қыркүйек күні тараптар 25 жастағы футболшының трансферіне қатысты келісімге келген еді.
Сонымен қатар, келісімде ойыншыны болашақта қайта сату кезінде «Кристал Пэласқа» түсетін пайыздық үлес те қарастырылған.
The Athletic мәліметінше, шешімге «Пэлас» бас бапкері Оливер Гласнер ықпал еткен. Ол клубтың басты қорғаушысын орнын толтырмай жіберуге үзілді-кесілді қарсы болған.
Осылайша, Марк Гехи жаңа маусымды «Кристал Пэласта» бастайды, ал «Ливерпуль» қорғаныс шебін күшейту жоспарын қайта қарауға мәжбүр.