Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

250 мың теңгеге дейін: "Қайрат" - "Реал" матчына билет қанша тұратыны айтылды

Сарапшы, спорт журналисі
02.09.2025, 21:18

Сонымен қатар, жанкүйерлер билеттерді қалай алатыны туралы ақпарат тарады. 

Vesti.kz
Vesti.kz

Қазақстан чемпионы «Қайрат» Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі 4 матчты Алматыдағы Орталық стадионда өткізеді. 

Алматылық клуб өз алаңында мына командаларға қарсы ойнайды:

  • 30 қыркүйек – «Реал Мадрид» (Испания)
  • 21 қазан – «Пафос» (Кипр)
  • 9 желтоқсан – «Олимпиакос» (Грекия)
  • 21 қаңтар – «Брюгге» (Бельгия)

Билеттердің бағасы

Клубтың жоспарына сәйкес, билеттердің басым бөлігі бір пакетпен сатылмақ. Яғни жанкүйерлер бірден төрт ойынға билет ала алады. Бұл туралы sportilinet.kz хабарлады. 

Пакет бағасы мынадай болады:

  • 95 000 теңге
  • 150 000 теңге
  • 250 000 теңге

Баға стадиондағы орынның орналасуына байланысты өзгереді.

Жеке билеттер және қонақтарға арналған квота

Аталған дереккөздің хабарлауынша, билеттер әр ойынға бөлек те сатылады. Бірақ әзірге олардың нақты бағасы мен саны белгісіз.

Сонымен қатар, УЕФА регламентіне сай әр матчқа қонақ жанкүйерлер үшін арнайы квота қарастырылады. Мұндай билеттердің бағасы €50-дан (шамамен 31 500 теңге) аспауы тиіс. Ал қалған билеттердің бағасын клуб өзі белгілейді.

Қайдан сатып алуға болады?

Биылғы маусымда «Қайрат» билеттерді Freedom Ticketon сервисі арқылы сатуды жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта билеттер әлі сатылымға шыққан жоқ. Клуб келесі аптада ресми түрде сатылым басталу күнін жариялайды.

Freedom Ticketon қолдау қызметі жанкүйерлерден ресми хабарландыруды күте тұруды сұрап отыр.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір