
Қазақстанда футбол клубтарын жекешелендіру процесі басталып кетті. Мемлекеттік бюджеттен миллиардтаған қаржы жұмсалып келген командалар енді бизнеске айналып, инвесторлар есебінен дамуы тиіс. Бұл қадам – қазақ футболының болашағына үлкен сынақ әрі мүмкіндік.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында кәсіби спортты табыс әкелетін индустрия ретінде дамыту қажеттігін атап өтті. Оның сөзінше, қазірдің өзінде төрт қазақстандық футбол клубына жеке инвесторлар табылды.
Премьер-министр Олжас Бектенов те бұл бағыттағы жұмысты жеделдетуді тапсырды. Министрлікке жекешелендіру жоспарын 2025 жылдың қазан айына дейін әзірлеу міндеттелді.
Қазақстанда бүгінде 38 кәсіби клуб бар, оның 14-і Премьер-лигада өнер көрсетеді. Көпшілігі әлі де мемлекеттік бюджеттен қаржылануда.
Мысалы:
2025 жылдың алғашқы тоқсанында клубтарға 18,5 млрд-тан астам теңге бөлінді. Жыл соңына дейін бұл сома одан әрі өсуі мүмкін.
Экономистердің пікірінше, футболды жекешелендіру арқылы мемлекет миллиардтаған қаржыны үнемдейді. Ал клубтар нарықтық ережелер бойынша өмір сүріп, өз табысын табуға мәжбүр болады.
Егер инвесторлар стадион, академия салып, маркетингке қаржы құйса, футбол шын мәнінде бизнеске айналады. Бұл жүйе Еуропа елдерінде әлдеқашан қалыптасқан.