Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Ғалымжан Кенжебекке Еуропаның атақты клубынан ұсыныс түсті

Сарапшы, спорт журналисі
11.09.2025, 18:40

Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Ғалымжан Кенжебек Шотландияның «Селтик» клубына ауысуы мүмкін

sportnews.kz
sportnews.kz

«Селтик» қазақстандық шабуылшыға назар аударды

Бұл туралы журналист Елдар Аманбаев хабарлады.

«Ғалымжан Кенжебек «Селтик» скауттарының назарына ілікті. Шотландияның көпжылдық гегемоны «Елімайға» ресми ұсыныс жолдауға дайын», – деп жазды Aman VIBE телеграм-арнасы.

«Елімайдағы» алғашқы маусым және басқа клубтардың қызығушылығы

Жазда «Кошице» сапында ойнаған экс-вингер «Елімаймен» келісімшартқа қол қойған. Бұған дейін ойыншыға Словакия, Ресей және Батыс Еуропаның бірнеше клубы қызығушылық танытқаны хабарланған. Олардың қатарында тағы бір шотландиялық «Хартс» бар.

«Селтик» пен қазақстандық клубтар арасындағы тарих

Айта кетейік, Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі шешуші ойында «Селтик» алматылық «Қайраттан» пенальти сериясында жеңіліп (0:0, пенальти – 3:4), турнирден шеттетілген болатын. Бұл нәтиже шотландиялық клубтың жанкүйерлері үшін үлкен соққыға айналды.

«Кельттердің» жетістіктері

«Селтик» – Шотландия тарихындағы ең табысты клубтардың бірі. Олар ел чемпионатын 55 рет, ал ұлттық кубокты 42 мәрте жеңіп алған. Клубтың Еуропадағы беделі де зор, сондықтан қазақстандық шабуылшы үшін бұл трансфер үлкен қадам болмақ.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 1
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір