
Астана әкімдігі 223,2 миллион теңге көлемінде футбол клубына бөлуді көздеп отыр. Мұндай конкурс мемлекеттік сатып алулар порталында жарияланды.
Kazinform-ның хабарлауынша бөлінген қаражат астаналық негізгі команданың Премьер-лига мен Қазақстан кубогындағы қатысуын қамтамасыз етуге бағытталмақ. Яғни клуб ресми түрде елорда атынан келесі маусымда басты ішкі жарыстарға қатысуға тиіс.
Конкурсқа қойылған талаптар бойынша жеткізуші мына міндеттерді орындауы тиіс:
Жобаға қосымша имидждік талаптар да енгізілген:
Команда құрамында кемінде 25 кәсіби футболшы болуы тиіс. Оның ішінде кем дегенде 13 ойыншы — отандық футболдың тәрбиеленушісі болуы шарт. Легионерлерге рұқсат берілгенімен барлық құжат заңды рәсімделуі тиіс.
Конкурс құжатында қаражат нақты қай клубқа бағытталатыны көрсетілмеген. Келесі маусымда Астананың намысын екі команда — «Астана» мен «Жеңіс» қорғайды.
Өтінімдерді қабылдау 17 қыркүйекте басталып, 24 қыркүйекте аяқталады.