«Қайрат» қаһарманы Темірлан Анарбеков жантүршігерлік жарақат алды

Сарапшы, спорт журналисі

Алматылық «Қайраттың» және Қазақстан құрамасының қақпашысы Темірлан Анарбеков «Ақтөбеге» қарсы ойында жарақат алып, 10-шы минутта алаңнан зембілмен шығарылды. 

«Қайрат» қаһарманы Темірлан Анарбеков жантүршігерлік жарақат алды
Zakon.kz

Бүгін 14 қыркүйек күнгі «Қайрат» – «Ақтөбе» кездесуінде күтпеген жағдай болды. Екі клубтың бәсекесі әдеттегідей аса тартысты басталғанымен, алматылық жанкүйерлердің көңіл-күйін су сепкендей басқан жайт тіркелді. Ол – Темірлан Анарбековтің жарақаты. Жас қақпашы бір эпизодта жарақат алып, ойынды жалғастыра алмай қалды. Дәрігерлер бірден көмек көрсетіп, оны алаңнан алып шықты. Алдын ала ақпар бойынша қақпашы жағын сындырған болуы мүмкін. 

«Қайраттың» соңғы жетістігі

Анарбеков соңғы айларда нағыз халық батырына айналған еді. 27 тамызда өткен тарихи ойында «Қайрат» Шотландияның «Селтигін» пенальти сериясында (3:2) жеңіп, тұңғыш рет Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне жолдама алды. Сол ойында 21 жастағы қақпашы үш бірдей пенальтиді қайтарған еді. 

Сол жеңістің арқасында «Қайрат» Еуропаның басты клубтық додасына шықты. Ал 30 қыркүйекте алматылықтар өз алаңында әлемнің ең танымал клубтарының бірі – мадридтік «Реалды» қабылдайды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 1
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір