Мбаппе «Реалдың» жаттығуына екі минутқа кешігіп келді

Сарапшы, спорт журналисі

Мадридтік «Реал» Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі алғашқы ойыны қарсаңында соңғы жаттығуын өткізді. Бірақ команданың басты жұлдызы Килиан Мбаппе тәртіп бұзып, дайындыққа екі минутқа кешіккені белгілі болды.

Мбаппе «Реалдың» жаттығуына екі минутқа кешігіп келді
managingmadrid.com

Хаби Алонсо қандай шешім қабылдайды?

Француз шабуылшысының бұл әрекетіне қатысты бас бапкер Хаби Алонсо қандай шара қолданатыны әзірге белгісіз. Дисциплинарлық жаза қолдану мәселесі команданың ішкі шешіміне байланысты болмақ.

Басқа мысалдар

Айта кетейік, кеше «Барселона» бас бапкері Ханс-Дитер Флик тәртіпке ерекше мән беріп, ойын алдындағы жиналысқа бір минутқа кешіккен Рафиньяны «Валенсияға» қарсы матчта қосалқы құрамда қалдырған еді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір