Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Елімізде жас ойыншылар FIFA стандарттарымен жаттығады

Сарапшы, спорт журналисі
19.09.2025, 14:59

Талғардағы академия ресми түрде FIFA таланттар орталығы мәртебесін алды.

Елімізде жас ойыншылар FIFA стандарттарымен жаттығады
Sports24.kz

Қазақстанның жас футболшылары енді FIFA талаптарына сай инфрақұрылымда жаттығып, әлемдік деңгейдегі мамандардың тәлімін алады. Бұл мәртебені әлемде бар-жоғы 30-дан аса ел ғана иеленген.

Қазақстан футбол федерациясының Талғардағы академиясы ресми түрде «FIFA таланттар академиясы» атанды. Бұл – отандық футбол тарихындағы үлкен жетістік. Себебі мұндай атаққа ие болу үшін FIFA-ның 54 қатаң талабына сай келу қажет.

Оған тек заманауи инфрақұрылым ғана емес, сонымен бірге:

  • халықаралық сертификаты бар жаттықтырушылар;
  • медициналық және ғылыми қолдау жүйесі;
  • спортшыларды дұрыс іріктеу мен дамыту бағдарламасы кіреді.

FIFA делегаттарының қатарында футболдан әлем және Еуропа чемпионы, Францияның аңыз ойыншысы Кристиан Карамбё болды. Ол жасөспірімдермен естелік суретке түсіп, кәсіби кеңесін берді.

Қазақстан футбол федерациясының техникалық директоры Геннадий Скуртул жобаның мәнін атап өтті:

«Енді бұл академияға әлемнің жетекші мамандары қолдау көрсетеді. Таланттарды іріктеу саласының сарапшысы, «Арсенал» клубында Арсен Венгермен бірге 10 жыл еңбек еткен Стивен Морроу қазір осында. Сондай-ақ бапкерлік тәжірибесі мол Марьян Пахарь және жобаның жетекшісі Ульф Шотт жас қазақстандық футболшылардың дамуына үлес қоспақ», – деді ол.

Неге бұл маңызды?

Бұл жоба – қазақстандық футболдың болашағы үшін стратегиялық қадам. Академия FIFA қолдауымен жұмыс істейтіндіктен, енді жас ойыншылар халықаралық стандарттар бойынша тәрбиеленеді. Бұл ұлттық құраманың болашақ жетістіктеріне тікелей әсер етеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір