Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Қазақстан - Лихтенштейн ойынына билеттер сатылымға шықты

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 13:50

ҚФФ ойын болатын күнімен уақытын жариялады.

Қазақстан - Лихтенштейн ойынына билеттер сатылымға шықты
Қазақстан ұлттық құрамасы

Қазақстан футбол федерациясы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Қазақстан мен Лихтенштейн арасындағы ұлттық құраманың үйдегі ойынына билеттердің онлайн-сатылымы басталғанын хабарлайды.

Қазақстан – Лихтенштейн матчы 10 қазанда сағат 19:00-де өтеді. Ойын Астана қаласындағы "Астана Арена" стадионында ұйымдастырылады. Бір билет құны – 2 мың теңге.

ҚФФ баспасөз қызметі барлық жанкүйерлерді ұлттық құрамамызды осы ойында қолдауға шақырады.

Естеріңізге салайық, Қазақстан ұлттық құрамасы ӘЧ іріктеу кезеңінде Солтүстік Македония, Бельгия, Уэльс және Лихтенштейннан құралған топта төртінші орында. Бес турдың нәтижесінде ұлттық құрама үш ұпай жинап, төртінші орында келеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 1

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір