Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Әли Әлиев ұлттық құрамада жаңа қызметке келді

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 16:50

Естеріңізге салсақ, Әли Ханалиұлы Бельгиядан ойсырай ұтылып қалған соң ұлттық құрама тізгінінен кеткен болатын.

Әли Әлиев ұлттық құрамада жаңа қызметке келді
Әли Әлиев

Алдағы екі ойынға Қазақстан құрамасын бас бапкер ретінде Талғат Байсұфинов басқаратын болады, ал Әли Әлиев оның бірінші ассистенті қызметін атқарады.

Журналист Елдар Аманбаевтың дерегіне сүйенсек, Талғат Мәруаұлы ұлттық құраманы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында өтетін Лихтенштейн және Солтүстік Македониямен болатын ойындарда дайындайды. Өз кезегінде Әли Әлиев оның бірінші көмекшісі болады.

Еске сала кетейік, 10 қазанда қазақстандықтар Лихтенштейнге қарсы өз алаңында ойнайды, ал 13 қазанда Скопьеде Солтүстік Македониямен сырт алаңда кездеседі.

Талғат Байсұфинов — белгілі қазақстандық бапкер, ол бұған дейін екі рет ұлттық құраманы басқарған (2016-2017 және 2020-2022 жылдары).

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 2
😂 1
😡 1

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір