"Реалдың" ресми парақшасында Алматы туралы пост жарияланды
«Корольдік клубтың» Instagram-парақшасында Алматы туралы бейнежазба пайда болды.
"Реал Мадрид"
Бұл “Реал Мадридтың” Алматыға деген ілтипаты. Бейнежазбада қаланың әсем жерлері, ұлттық аспабымыз – домбырамыздың үні де бар.
Пост пікірінде былай делінген:
“Алматыға қощ келдіңіз!”, – делінген “Реалдың” 178 миллион оқырманы бар ресми парақшасында.
Еске салсақ, “Реал Мадрид” Қазақстанға тарихында алғашқы рет келіп отыр. Келу себебі – алматылық “Қайрат” чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шығуы.
Бірнеше сағаттан соң алматылық клуб “Орталық” стадионда “корольдік клубпен” күш сынасады. Ойынның басталу уақыты 21:45-те.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet