
Мадридтік клубтың қақпашысы Тибо Куртуа Килиан Мбаппенің екінші голына пас беріп, Чемпиондар лигасы тарихында нәтижелі әрекет жасаған сирек қақпашылардың қатарына қосылды.
Бұл – "Реал Мадрид” қақпашылары үшін тек екінші оқиға. Бұған дейін дәл осындай жетістікке 1997 жылдың қазанында Сантьяго Канисарес "Олимпиакосқа" қарсы ойында қол жеткізген болатын.
Мбаппеге тамаша пас асырған Бельгиялық қақпашының әрекеті нәтижесінде Француз жұлдызы дубль авторы атанды.
Естеріңізге салсақ, бүгінгі ойында «Реал Мадрид» 5:0 есебімен жеңіске жетті. Жеңімпаздар сапында Килиан Мбаппе хет-трик жасаса, Эдуарду Камавинга мен Браим Диас бір голмен ерекшеленді.
Алматылықтар жалпы кезеңде «Реалдан» бөлек, келесі «Пафос» (Кипр), «Интер» (Италия), «Копенгаген» (Дания), «Олимпиакос» (Грекия), «Брюгге» (Бельгия) және «Арсеналға» (Англия) қарсы ойнайды.