Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Тұрсын Алагөзов “Қайрат” футболшыларына уәде еткен көлікті расында сыйлай ма?

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 10:02

“Maxi Чай” компаниясының иесі ойыннан кейін әзірге үндеу жасамады.

Тұрсын Алагөзов “Қайрат” футболшыларына уәде еткен көлікті расында сыйлай ма?
Сүрет: ашық дереккөздерден

“Реалмен” ойын бітті. Мойындау керек корольдік клубтың деңгейі біздің ұжыммен салыстыруға келмейді. Кездесудің қорытындысы да соны меңзеп тұр. Недегенмен Чемпиондар Лигасының 15-дүркін жеңімпазы ғой! Оны қоя берейікші. Біздегі қозғайын деп отырған мәселе басқа.

Дәл сол матчқа дейін “Макси Чай” компаниясының басшысы Тұрсын Алагөзов “Қайрат” “Реалды” ұтса, өз атынан футболшыларға Hyundai Sonata көліктерінің кілтін табыстаймын деген болатын. Алайда көпшілік қауым атқамінер азаматқа көліктерді жомарттыққа салып, нәтижеге қарамай “Қайраттықтарға” табыстауын өтінген болатын. Онсызда араға ұзақ жылдар салып, елімізге футбол тойын әкелген жігіттердің еңбегі баршылық. Халық айтса, қалып айтпайды демекші, мүмкін Алагөзовте көпшіл қауымның кеңесіне құлақ асып, дайын көліктерді футболшылардың игілігіне беріп қалар.

Естеріңізге салсақ, кешегі ойында «Реал Мадрид» 5:0 есебімен жеңіске жетті. Жеңімпаздар сапында Килиан Мбаппе хет-трик жасаса, Эдуарду Камавинга мен Браим Диас бір голмен ерекшеленді.

Алматылықтар жалпы кезеңде «Реалдан» бөлек, келесі «Пафос» (Кипр), «Интер» (Италия), «Копенгаген» (Дания), «Олимпиакос» (Грекия), «Брюгге» (Бельгия) және «Арсеналға» (Англия) қарсы ойнайды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 2
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір