Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Нұралы Әлиев: “Әкемнің шешімінің арқасында қазақ футболы жемісін көріп отыр”

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 11:23

Нұралы Әлиев Қазақстан футболы тарихындағы ең маңызды кезеңдердің біріне тоқталды.

Нұралы Әлиев: “Әкемнің шешімінің арқасында қазақ футболы жемісін көріп отыр”
Сүрет: ашық дереккөздерден

Оның айтуынша, 2002 жылдың 25 сәуірінде Қазақстанның Азия футбол конфедерациясынан шығып, УЕФА құрамына қосылуы ел спорты үшін тағдыршешті қадам болған. Бұл бағыттағы бастаманы оның әкесі – Рахат Әлиев көтергенін атап өтті.

Нұралы өз естеліктерін бөлісе отырып, Стокгольмде Мишель Платинимен өткен келіссөздерді және 2005 жылы Платинидің Алматыға алғаш рет келгенін жақсы есінде сақтағанын айтты.

"Кеше Орталық стадионда Чемпиондар лигасының матчын тамашаладым. Біздің Алматылық "Қайрат” УЕФА-ның ең атақты клубы – "Реалға" қарсы ойнады. Мұның бәрі Алматыда өтті! Сол сәтте мен әкемнің шешімінің қаншалықты стратегиялық болғанын жүрегіммен сезіндім. Жылдар өтсе де, оның жемісін көріп отырмыз. Мен мақтанамын! Барша Алматылықтарды, күллі Қазақстандықтарды және, әрине, "Қайрат” клубын осы тарихи сәтпен құттықтаймын!." – деп жазды ол Instagram парақшасында.

Естеріңізге сала кетейік, Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің екінші турында алматылық «Қайрат» мадридтік «Реалдан» 0:5 есебімен ойсырай жеңілді. Килиан Мбаппе хет-трик жасап, Браим Диас пен Эдуардо Камавинга бір-бір голдан соқты.

Алматылықтар топтық кезеңде енді Кипрдің «Пафос», Италияның «Интер», Данияның «Копенгаген», Грекияның «Олимпиакос», Бельгияның «Брюгге» және Англияның «Арсенал» клубтарымен кездеседі. Бұл – «Қайратты» үлкен сынақтар күтіп тұрғанын көрсетеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 2
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір