Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

«Жұмақ пен тозақ»: Эрлинг Холанд неден қорқатынын айтты

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 12:44

Эрлинг Холанд жақын адамдарынан айырылғаны туралы айтты.

«Жұмақ пен тозақ»: Эрлинг Холанд неден қорқатынын айтты
Эрлинг Холанд. Сүрет: ашық дереккөздерден

«Манчестер Сити» және Норвегия құрамасының шабуылшысы Эрлинг Холанд ашық сұхбатында өмірдегі ең үлкен қорқынышы туралы айтты.

Футболшы өлімнен қорқатынын және өлімнен кейінгі дүниелер туралы жиі ойлайтынын мойындады.

«Шынымды айтсам, өлімнен аздап қорқамын. Себебі бізді одан кейін не күтіп тұрғанын білмейміз. Кейде ұйықтар алдында төсекте жатып алып: «Мен қай күні көз жұмар екенмін? Сол кезде не болады? Жұмаққа барам ба, әлде тозаққа түсем бе? Әлде мүлде белгісіз бір жерге кете салам ба?» деген ой мазалайды», – дейді ол.

Холанд жақындарының өмірдің мәні мен өлім туралы ойға жетелегенін айтты.

«Мен әжем мен атамнан, сондай-ақ агентімнен айырылдым. Ал былтыр өмірімдегі ең жақын жандардың бірі – Ивар Эггья дүние салды. Ол маған туыс болмаса да, әрдайым «аға» деп атайтынмын, өйткені ол отбасы мүшесіндей жақын еді. Біз үнемі қалжыңдасып, бірге күлетінбіз. Қазір оның қасымда жоқтығы жүрегіме ауыр тиеді. Бірақ өмірімнің соңына дейін оны ұмытпаймын».

Футболшы марқұммен соңғы рет тілдескен сәтін де еске алды:

«Ол көз жұмардан бұрын біз әңгімелесіп үлгердік. Ол маған: «Алаңға шық та, бар күшіңді сал», – деді. Сондай-ақ: «Әр сәттен ләззат ал» деп кеңес берді. Ол маған өмірді толыққанды сүр, ештеңені ертеңге қалдырма деген ойды жеткізді. Бұл – мен үшін өте маңызды».

Айта кетейік, кеше өткен Чемпиондар лигасының екінші турындағы «Монакоға» қарсы ойында Эрлинг Холанд дубль авторы атанды.  «Манчестер Сити» Монте-Карлода 2:2 есебімен тең түсті. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір