Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Қазақстан кубогының финалына билеттер түгел сатылып кетті

Сарапшы, спорт журналисі
02.10.2025, 16:22

Жаңа стадион 100%-ға толады деген мәлімет жасалды.

Қазақстан кубогының финалына билеттер түгел сатылып кетті
Фото: instagram/pflkaz

KFF League баспасөз қызметі Қазақстан кубогының финалдық матчының билеттері толық сатылып кеткенін хабарлады.

Шымкенттің «Ордабасы» мен Қостанайдың «Тобылы» арасындағы кездесу 4 қазанда Қызылордада жаңадан салынған «Қайсар Арена» стадионында өтеді. Ойынның басталу ысқырығы 19:00-де соғылады.

Еске салайық, ҚФФ төрешілер және инспекторлар департаменті 2025 жылғы маусымдағы Olimpbet–Қазақстан кубогының финалдық матчының төрешілері мен инспекторларын тағайындады. Финалды шетелден келген төрешілерге тапсырған екен.

«Ордабасы» (Шымкент) – «Тобыл» (Қостанай) 

  • Бас төреші: Свен Вольфенсбергер (Швейцария);
  • Қосымша төрешілер: Стефан Де Альмейда (Швейцария), Йонас Эрни (Швейцария);
  • VAR төрешісі: Йоханнес фон Мандах (Швейцария);
  • AVAR төрешісі: Арман Есмұратов (Астана);
  • Қосалқы төреші: Данил Горда (Көкшетау).

Екі ұжымда өз тарихында Қазақстан кубогін екі мәрте жеңген.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 1
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір