
Transfermarkt порталы Ла Лиганың ең қымбат футболшылары тізімін жаңартты.
Жаңа тізімге сәйкес, Винисиус Джуниордың бағасы 170 млн еуродан 150 млн-ға түсіп қалғаны белгілі болды. Бразилиялық Ла Лигадағы ең қымбат футболшылар қатарында 4 сатыға жайғасты. Ал ішкі чемпионаттың үздік үштігінде Ламин Ямаль (200 млн), Килиан Мбаппе (180 млн) және Джуд Беллингем (180 млн) орналасқан.
Әлемдегі тізімге келетін болсақ, Вини трансфер құны бойынша Букайо Сакамен теңесіп қалды. Бүгінде бұл қос футболшыдан Ламин Ямаль, Килиан Мбаппе және Эрлинг Холланд қымбат болып саналады.