ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 23-тур

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Еуропаға жол тартпақ

Қазақстан құрамасының ойыншысы Артур Шушеначев маусым аяқталған соң «Ақтөбеден» кетіп, қайтадан шетелдік чемпионатта бақ сынап көруі мүмкін.

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Еуропаға жол тартпақ
Сүрет: ашық дереккөздерден

«Қызыл-ақтардың» шабуылшысы маусым біткеннен кейін Еуропа немесе ТМД елдерінің бірінде клуб табуға тағы да әрекет жасамақ, өйткені ол бәсекелестік деңгейі жоғары лигада дамығысы келеді.

Күтіліп отырғандай, Шушеначевтен бөлек, келесі маусымда «Ақтөбе» құрамында үлкен өзгерістер болады және қазіргі ойнап жүрген легионерлердің басым бөлігі команданы тастап кетеді. Қазіргі уақытта шабуылшы «Ақтөбе» сапында барлық турнирлерде (Қазақстан чемпионаты, Еуропа лигасы және Конференциялар лигасының іріктеу кезеңдері) 12 матч өткізіп, төрт гол соғып, екі нәтижелі пас берген.

27 жастағы футболшы 2020 жылғы ҚПЛ чемпионы әрі 2021 жылғы Қазақстан Кубогының иегері атанған (алматылық «Қайрат» сапында). 2024 жылдан бастап ол Израильдің «Хапоэль Беэр-Шева» және Ресейдің «Сочи» клубтарында өнер көрсеткен.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.