
Алматылық «Қайрат» Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі алғашқы екі турды аяқтады. Спорттық тұрғыда нәтиже көңіл көншітпесе де, қаржылық жағынан клуб айтарлықтай пайдаға шықты.
УЕФА регламентіне сәйкес, топтық кезеңге шыққан әр командаға 15,64 миллион еуро көлемінде базалық бонус беріледі. Бұған қоса, әрбір жеңіс үшін 2,1 миллион еуро, тең ойынға 700 мың еуро төленеді.
Осылайша, екі турдан кейін «Қайраттың» табысы кем дегенде 20,25 миллион еуро (шамамен 13 миллиард теңге) болды. Бұл сома клубтың Еуропадағы беделі мен қаржылық әлеуетін айқын көрсетеді.
Алайда алаңдағы жағдай әзірге қиын. Алғашқы ойында алматылықтар сырт алаңда лиссабондық «Спортингке» (1:4) есе жіберді. Ал екінші турда Алматыда мадридтік «Реалдан» ауыр жеңіліс тапты (0:5). Алматылықтар жалпы кезеңде «Реалдан» бөлек, келесі «Пафос» (Кипр), «Интер» (Италия), «Копенгаген» (Дания), «Олимпиакос» (Грекия), «Брюгге» (Бельгия) және «Арсеналға» (Англия) қарсы ойнайды.