Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

7 гол соққан футболшы ойыннан соң түрмеге қамалды

Сарапшы, спорт журналисі

Финляндия чемпионатының бесінші дивизионында ерекше жағдай орын алды. Бір ойында жеті гол соққан футболшы Джонатан Геррейро матчтан кейін бірден қамауға алынды. Полиция өкілдерінің айтуынша, оның келісілген ойындарға қатысы бар болуы мүмкін.

7 гол соққан футболшы ойыннан соң түрмеге қамалды
Sport.ru

Финляндия футболында бұрын-соңды болмаған оқиға тіркелді. «Финнкурд» клубының шабуылшысы әрі бас бапкері Джонатан Геррейро өз командасына 8:1 есебімен жеңіс сыйлаған матчтан кейін алаңда тұтқындалды.

Ойын кезінде 29 жастағы бразилиялық футболшы жеті гол соғып, жанкүйерлердің көзайымына айналған болатын. Бірақ матчтың соңғы ысқырығы шалынған сәтте қуаныш орнын таңданыс басты — Геррейроны алаңға тікелей полиция қызметкерлері келіп ұстады.

Италиялық Corriere della Sera басылымының хабарлауынша, футболшы келісілген матчтарды ұйымдастырды деген күдікке ілінген. Тергеу мәліметтеріне сүйенсек, бірқатар букмекерлік компанияның күмәнді коэффициенттері мен ойын алдындағы ақша қозғалысы биліктің назарын аударған.

Геррейроның тұтқындалуы команданы ауыр жағдайға қалдырды — ол тек капитан ғана емес, клубтың бас бапкері қызметін де қатар атқарып жүрген. Енді «Финнкурд» әрі ойыншысынан, әрі жаттықтырушысынан айырылып отыр.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір