Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

“Қайраттың” экс-бапкері ресейлік клубтың тізгінін ұстауға жақын

Сарапшы, спорт журналисі

42 жастағы Ресейлік маман, "Қайраттың" бұрынғы бас бапкері Александр Кержаков Ресейдің Бірінші лигасындағы "Урал" клубының тізгінін ұстауы ықтимал.

“Қайраттың” экс-бапкері ресейлік клубтың тізгінін ұстауға жақын
Александр Кержаков

Соңғы уақытта Екатеринбургтік команданың нәтижелері көңіл көншітпей отыр. Осы себепті клуб басшылығы бапкерлік ауысымды қарастыруда. Белгілі спорт журналисі Иван Карповтың мәліметінше, "Уралды" басқаруға басты үміткер — дәл осы Кержаков.

Дереккөздің хабарлауынша, клуб президенті бұл аптада Кержаковпен алдын ала келіссөздер жүргізген. Қазіргі бас бапкер Виктор Ромащенконың тағдыры әлі шешілмегенімен, соңғы нәтижелер оның орнын шайқалтқаны анық.

"Уралдың” сәтсіз ойындары — Ресей Кубогындағы "Факелден" (0:1) жеңіліс, сондай-ақ чемпионаттағы "КАМАЗдан” (1:5) және "СКА-Хабаровскіден" (1:2) ұтылу клуб басшылығын қатты алаңдатқан. Тіпті, бас директор Григорий Ивановтың шыдамы таусылғаны айтылуда.

Еске сала кетсек, Александр Кержаков 2024 жылы Алматылық "Қайратты" басқарған. Оның жетекшілігімен команда бірқатар жақсы ойындар көрсеткенімен, маусым соңында тараптар келісімшартты тоқтатқан болатын.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір