Қазақстан құрамасының бапкері ҚПЛ-дің соңғы турында болған матч жайлы пікір білдірді.
Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы бас бапкері Әли Әлиев 2025 жылғы маусымның шешуші, чемпиондық ойыны туралы пікір білдірді.
"Екі бапкерлік штаб та ойын барысын жақсы оқып, жағдайға дер кезінде бейімделе білді. Бірақ шешуші фактор – "Қайраттың” Бразилиялық шабуылшысы Эдмилсонның алаңға шығуы болды.” – деді Алиев Sports24.kz басылымына берген сұхбатында.
Оның пікірінше, дәл осы ойыншының алаңға келуі "Қайраттың” шабуылын күшейтіп, қарсылас қақпасына айтарлықтай қысым жасады.
"Эдмилсон өз физикалық мүмкіндігін тиімді пайдаланды, әуе доптарында жиі жеңіп, қарсылас қорғаушыларды мазалап отырды. Нәтижесінде сол қысымның арқасында шешуші гол соғылды." – деп атап өтті маман.