Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Ғалымжан Кенжебек Еуропаға қайтадан кетуді жоспарлап отыр

Сарапшы, спорт журналисі

Елімай» жартылай қорғаушысы Ғалымжан Кенжебектің өкілі Мамука Ломидзе футболшының мансабы жайлы маңызды ақпаратпен бөлісті.

Ғалымжан Кенжебек Еуропаға қайтадан кетуді жоспарлап отыр
Ғалымжан Кенжебек. Фото: ҚФФ

Агенттің айтуынша, 22 жастағы ойыншыға бірқатар лигалардан жан-жақты қызығушылық бар.

"Шындық солай, Ғалымжан аз уақытта кәсіби футболшы ретінде шыңдала түсті. Сондықтан, қазір оған қызығушылық танытып отырған клубтар саны да артуда, бұл жайлы әңгіменің біршамасы рас. Алайда, біз қазір ешқайда асықпаймыз, себебі Еуропада маусым қызып тұр. Баратын лиганы қаржылық жағына қарап емес, ақылға салып таңдаймыз. Шотландия, Түркия, Грекия мен Португалиядан қызығушылық бар. Словакия мен Ресей түсінікті, мұндай нұсқалар болған, бар және ары қарай да болады. Енді тек нақты ұсыныстарды күту қалды."

Ұлттық құраманың жұлдызына Испания және Португалия клубтарынанда қызығушылық бар екен:

"Кенжебекке қызығушылық танытқан испаниялық клубтар әлі де баршылық, шу шығып кетпеуі үшін тек олардың атын айтпаймын. Португалия да тиімді нұсқаның бірі, бірақ біз ендігіде ондағы ортаңқол мықты команда немесе ол жақтағы лигадан төменірек чемпионаттың көшбасшы командасын көздейміз. Ал қайда кететініміз қарашаның орта не аяқ жағында белгілі болады. Түркияға байланысты ақпарат? Иә, бұл Суперлиганың екі клубы, топ-командалар емес, бірақ жаман деуге де келмейді. Олар Ғалымжан туралы ақпарат жинастырған", - деді М. Ломидзе «ASnews.kz» берген сұқбатында.

Ғалымжан Кенжебек Словакиядан оралған соң «Елімай» сапында мансабын жандандырып, жемісті өнер көрсетті – 11 матчта 6 гол мен 4 ассист. Сондай-ақ, жартылай қорғаушы Қазақстан құрамасының сапында Лихтенштейнмен болған матчта 2 гол салып, голдың 1 пас берген болатын. Соның арқасында ӘЧ-2026 іріктеуінің 7-турының символикалық құрамына енді. 23 жастағы футболшының трансферлік құны 225 мың еуро. Ғалымжан Кенжебектің жыл соңына дейін семейлік клубпен келісімшарты бар.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 2
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір