"Ақтөбе" қостанайлықтардың көшбасшысынан бас тартты
«Тобыл» көшбасшыларының бірі Ахмед әл-Мессауди қысқы маусымаралық кезеңде командадан кетуі мүмкін.
30 жастағы марокколық футболшы маусымды сәтті өткізді — ол 22 матчта жеті гол соғып, алты нәтижелі пас берген.
Айта кетейік, Әл-Мессауди «Тобыл» сапында 2025 жылғы Қазақстан кубогының жеңімпазы және Премьер-лигадағы қола жүлдегер атанды.
Футболшының агенті оның кандидатурасын «Ақтөбе» клубының жаттықтырушылар штабына ұсынған, алайда бас бапкер Николай Костов бұл трансферден бас тартқан.
Еске салайық, Ахмед Әл-Мессауди бұған дейін Бельгияның «Льерс», «Стандард», «Мехелен» клубтарында, Нидерландтың «Гронинген», «Фортуна», «Эммен» және Түркияның «Газиантеп» командаларында ойнады. Ол Марокко құрамасында екі кездесу өткізген.
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.