Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

"Тобыл" Асхат Тағыбергенмен қош айтысатын болды

Сарапшы, спорт журналисі

Amanvibe телеграм-арнасы Қостанай командасының 35 жастағы жартылай қорғаушымен қош айтысатынын жазды.

"Тобыл" Асхат Тағыбергенмен қош айтысатын болды
Асхат Тағыберген. Фото: "Тобыл" ФК

Маусым басында “Ордабасыдан” “Тобылға” ауысқан Асхат жаңа командасының ел Кубогы мен чемпионатта қола жүлдегер атануына үлкен үлес қосты. Жалпы жартылай қорғаушы сары-жасылдар ұжымында 28 матч өткізіп, 2 гол мен 5 голдық пас берді.

35 жастағы ойыншы Премьер-лигада “Тобыл” мен “Ордабасыдан” бөлек, “Қайсар”, “Астана” және “Ақтөбе” клубтарында өнер көрсетті.

Айта кетейік, ел құрамасының экс-капитанына қазірден бастап “Ақтөбе” мен “Ертіс” ұжымдары көз тігіпті. Жоғары лигаға жолдама алған Павлодар командасы жаңа маусымға қарай, мықты құрам жасақтап, элитадағы клубтармен терезесі тең деңгейде бақ сынасуды жоспарлап отыр. Ал Асхат Тағыбергеннің мол тәжірибесі “Ертіске” сол мақсатын жүзеге асуына көмектесетіні жасырын емес.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір