Криштиану Роналдудың ұлы Португалия сапында дебют жасады

Сарапшы, спорт журналисі

Әзірге тек жасөспірімдер құрамасында.

Криштиану Роналдудың ұлы Португалия сапында дебют жасады
Криштиану Роналду-кіші

15 жастағы Криштиану Роналдудың ұлы Португалияның U-16 жасөспірімдер құрамасы сапында алғаш рет алаңға шықты. Бұл оқиға Антальяда өткен Түркияға қарсы матчта болды, кездесу португалиялықтардың 2:0 есебімен жеңісімен аяқталды.

ESPN дерегінше, Португалия құрамасына жеңісті «Спортинг» ойыншысы Самуэль Тавареш пен «Брага» футболшысы Рафаэль Кабралдың голдары сыйлады. Ал Роналдуның ұлы қосымша уақытта алаңға шыққан. Ол қазіргі таңда «Аль-Наср» академиясында шабуылшы позициясында өнер көрсетеді.

Бұл матч — Португалия U-16 құрамасы Түркияда өткізетін Federations Cup Tournament турниріндегі үш кездесудің алғашқысы. Келесі ойындар 1 қараша, сенбі күні Уэльспен, және 3 қараша, дүйсенбі күні Англиямен өтеді.

Айта кетсек, биыл Роналдуның ұлы Португалияның U-15 құрамасы сапында да ойнап, гол соққан болатын.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 2
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір