Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Елордалық клуб өз академиясын ашады

Сарапшы, спорт журналисі

BI Group жаңа жобасында «Астана» академиясы жайлы мәлімет жариялады.

Елордалық клуб өз академиясын ашады
kff.kz

Қазақстанның жеті дүркін чемпионы, елордалық «Астана» футбол клубы көптен күткен жобасын жүзеге асыруда. Жақын уақытта клубтың жеке футбол академиясы іске қосылмақ. 

«Наушники Саяна» телеграм-арнасы таратқан ақпаратқа сәйкес, BI Group құрылыс компаниясы өз ресми сайтында жаңа «Alem Sana» тұрғын үй кешенінің сипаттамасын жариялаған.

Сол деректе аталған аймақта «Астана» футбол клубының академиясы орналасатыны жазылған. Бұл нысан — көпсалалы спорттық кешен болмақ, мұнда елордалық команданың жас ойыншылары жаттығу және оқу процесін біріктіріп өткізеді.

«Астана» клубы 2009 жылы құрылғанымен, осы уақытқа дейін өз академиясын аша алмағаны үшін жиі сынға ұшырап келді. Көптеген сарапшы мен жанкүйер елордалық команданың инфрақұрылым мен кадрлық жүйеге назар аудармауын басты кемшілік деп атап өткен еді.

Айта кетейік, «Астана» – Қазақстан футболының бренді. Клуб жеті рет ел чемпионы атанып, Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының топтық кезеңдерінде ойнаған алғашқы қазақстандық команда ретінде тарихқа енген.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір