"Реал Мадрид" жаңа Тони Кроосты Англиядан тапты

Сарапшы, спорт журналисі

Ағылшындық жас футболшы Адам Уортон “Реал Мадрид” сапына ауысуы мүмкін.

"Реал Мадрид" жаңа Тони Кроосты Англиядан тапты
Сурет: ашық дереккөздерден

Мадридтік команданың бапкері Хаби Алонсо Уортонның ойынның біраздан бері қарап келеді екен. Ол Адамды клубтағы жаңа Тони Кроос деп елестетуде. Қазірде испандық маман “Пэлас” футболшысын сатып алу үшін басшылықты көндіріп жатыр екен.

Ағылшындық клубтың жартылай қорғаушысына “Реалдан” бөлек, “Ливерпуль” мен “Манчестер Юнайтед” ұжымы талас құрмақ ниетте. Өз ойыншысына сұраныс туып жатқанын байқап жатқан қырандар Уортонның трансфер құның кем дегенде, 60 млн еуроға дейін көтеріп тастады.

Айта кетейік, Адам осы маусымда “Кристал” жейдесінде 8 матч өткізіп, 1 сары қағаз алды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 5
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір