Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Рафаэль Оразбахтин: Команда "Интерге" тас түйін дайын (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі

«Қайраттың» бас бапкері Рафаэль Уразбахтин “Интерге” қарсы маңызды ойын алдында команданың жағдайы туралы айтып берді. 

Рафаэль Оразбахтин: Команда "Интерге" тас түйін дайын (ВИДЕО)
penalty.kz

Бүгін Чемпиондар лигасының жалпы кезеңі аясындағы «Интер» мен «Қайрат» ойыныныңң қарсаңында баспасөз мәслихаты болды. Журналистер алдына шыққан бас бапкер Рафаэль Оразбахтин команданың бабына тоқталып, алдағы матчқа қатысты пікірін білдірді. 

Оның айтуынша, маңызды матчқа Александр Мартынович қатыспайды. Оған жарақат себеп. Оның орнын Александр Широбоков шығуы мүмкін. 

Баспасөз мәслихатында Рафаэль Оразбахтин команданың функционалдық және физикалық жағдайына да тоқталды.

«Иә, чемпионатты аяқтаған соң, бізде демалуға және қалпына келуге уақыт болды. Ойыншыларға аздап тынығуға мүмкіндік бердік. Қазір бәрі қалыпты жағдайда, команда жақсы көңіл күйде дайындалды», — деді ол.

Рафаэль Уразбахтин бұл кездесудің ерекше маңызын да атап өтті:

«Мұндай матчтар футболшының өмірінде бір-ақ рет болады. Сондықтан барлығы дайын. Өздерін көрсетуге, күшін сынауға әзір. Командадағы атмосфера тамаша, жігіттер ынталы», — деді бас бапкер. 

Айта кетейік, “Интер” – “Қайрат” матчы Астана уақытымен қарашаның 6-сы күні сағат 01:00-де өтеді. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 2
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір