Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

"Хартс" Чесноков командаға қосылатынына сенімді

Сарапшы, спорт журналисі

Шотландиялық The Scottish Sun порталының мәліметінше, «Хартс» клубының басшылығы Қазақстан құрамасы мен «Тобыл» жартылай қорғаушысы Ислам Чесноковтың трансфері жүзеге асатынына сенімді.

"Хартс" Чесноков командаға қосылатынына сенімді
Ислам Чесноков. Фото: ҚФФ

«Хартс» жазда 25 жастағы қазақстандық футболшымен алдын ала келісімшартқа қол қойған. Дегенмен соңғы күндері БАҚ-та ойыншының Ресей мен Қазақстан клубтарынан ұсыныс алып, Эдинбургке көшу жоспары өзгеруі мүмкін деген ақпарат тараған еді.

Алайда SunSport дерегінше, шотландиялық клуб жағдайды тұрақты деп есептейді және Чесноковтың келесі айда жаттығу процесіне қосылатынын күтуде. Басты бапкер Дерек МакИннес ойыншыны шабуылдың флангінде ойнайтын маңызды күшейту ретінде қарастырып отыр.

Чесноков Эдинбургке қаңтар айының басында келіп, трансферлік терезе ашылғаннан кейін команда сапында ресми кездесулерге қатыса алады. Осы маусымда ол «Тобыл» құрамында 25 матч өткізіп, 9 гол соғып және 4 нәтижелі пас берген.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір