Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Қазақстан құрамасының қорғаушысы 200 миллионға бағаланды

Сарапшы, спорт журналисі

Ұлттық құрама және «Ақтөбе» ФК қорғаушысы Әлібек Қасымға клуб басшылығы ресми түрде 200 миллион теңге көлемінде өтемақы белгіледі.

Қазақстан құрамасының қорғаушысы 200 миллионға бағаланды
instagram/@fcaktobe_official

Келісімшарттағы арнайы бап

Қорғаушының «Ақтөбемен» келісімшарты әлі бір маусымға жарамды. Құжатта көрсетілген арнайы тармаққа сәйкес, егер ойыншыны ҚПЛ-дың басқа клубы сатып алғысы келсе, 200 миллион теңге көлемінде өтемақы төлеуге міндетті. Бұл туралы asnews.kz жазады.

Ал шетелдік клубтар үшін бұл сома 100 миллион теңге болып бекітілген. Бұл — жергілікті футболшы үшін өте жоғары нарықтық баға саналады.

Қасымға қызығушылық танытқан клубтар

КПЛ-2025 маусымы аяқталған соң, БАҚ-та Әлібек Қасымның "Ақтөбеден" кетуі мүмкін деген ақпарат тарады. Қорғаушыға елдің алдыңғы қатарлы екі клубы — «Астана» мен «Елімай» қызығушылық білдіріп отыр.

Егер трансфер жүзеге асса, бұл қазақстандық ішкі футбол нарығындағы ең ірі ауысулардың бірі болмақ.

24 жастағы қорғаушы соңғы жылдары Қазақстан құрамасының негізгі ойыншыларының біріне айналды. Ол «Ақтөбе» сапында сенімді ойынымен көзге түсіп, бірнеше маусым қатарынан үздік қорғаныс статистикасын көрсетіп келеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір