Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

«Өзімді пайдасыз сезіне бастадым» - Асхат Тағыберген ұлттық құрамадан неге кеткенін айтты

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстан құрамасының бұрынғы капитаны, «Тобыл» ФК жартылай қорғаушысы Асхат Тағыберген ұлттық құрамадан кетуінің нақты себебін алғаш рет ашық айтты.

«Өзімді пайдасыз сезіне бастадым» - Асхат Тағыберген ұлттық құрамадан неге кеткенін айтты
sportburo.kz

Бұл туралы ол Aman Vibe YouTube арнасына берген сұхбатында мәлімдеді. Жанкүйерлердің көптен бергі сұрағына жауап берген футболшы, өзінің шешімін ішкі сезіммен қабылдағанын айтты.

«Бұл сұраққа нақты жауап берейін. Әртүрлі әңгіме мен алып-қашпа сөз көп болды. Мен өзімді Қазақстан құрамасында бұрынғыдай пайдалы сезінбедім. Сол сезіммен мен ұлттық құрамадағы мансабымды аяқтауға шешім қабылдадым», — деді Тағыберген.

Еске сала кетейік, Асхат Тағыберген 2025 жылдың 9 маусымында әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде Солтүстік Македонияға (0:1) қарсы өткен кездесуден кейін құрамадан кететінін ресми жариялаған еді.

Ол кезде Тағыберген Қазақстан құрамасының капитаны ретінде алаңға шыққан.

Бұл туралы не ойлайсыз?

👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір