Қазақстан құрамасының экс-капитаны Асхат Тағыберген ұлттық құрамадан кетуі жайлы ойын айтты.
Fonteam youtube-арнасында болған подкастта ұлттық құраманың бұрыңғы ойыншысы қазіргі бас бапкер Талғат Байсуфинов ұлттық құрамаға шақырғанын айтып өтті:
“Негізі Маруанұлы шақырды құрамаға, қалай болады қайтып келсең деп. Сосын әрине айттым, ұят болатын шығар – шапан жауып, стадионнан шапалақпен мансабымды аяқтап кеттім ғой. Онда құрамға келіп, жігіттерге көмектес, қастарында бол, мотивация бер деді, сөйтіп келістік.” – деді Асхат Тағыберген.
Естеріңізге салсақ, Асхат Тағыберген 9-шв маусым күні, Солтүстік Македониямен (0:1) болған ойыннан соң ұлттық құрамадағы мансабын аяқтау туралы шешім қабылдаған болатын. 2014-ші жылы, 7-ші маусымда құрама сапында алғаш рет дебют жасаған Асхат, 11 жылда 63 ойынға қатысып, 3 гол алып, 7 ассист жасаған.