Кюрасао құрамасы ӘЧ–2026 іріктеуіндегі кезекті сенсацияны жалғастырып, В тобының көшбасына көтерілді.
2026 жылғы әлем чемпионатының КОНКАКАФ аймағындағы іріктеуінің 5-туры Кюрасао үшін тарихи матчқа айналды. Нидерландтық маман Дик Адвокат жаттықтыратын команда Бермуд аралдарын 7:0 есебімен тас-талқан етті.
Бұл жеңіс Кюрасаоны топтың бірінші орнына шығарып, ел футболы тарихындағы алғашқы мундиаль жолдамасына жақындатты.
Енді Кюрасао құрамасына келесі турда Ямайкамен тең түсу жеткілікті. Осы нәтижемен команда тікелей әлем чемпионатына жолдама алады.
Егер Адвокат шәкірттері екінші орынға түсіп қалса, олар плей-офф кезеңінде бақ сынау құқығына ие болады.
Бес турдан кейін ұпай кестесі төмендегідей: