2026 жылы АҚШ, Канада және Мексика бірлесіп қабылдайтын футболдан әлем чемпионаты алдында Бразилия құрамасының бас бапкері Карло Анчелотти турнирдің басты фавориттерін атады.
Бразилия құрамасының бас бапкері Карло Анчелотти 2026 жылғы ӘЧ-нің басты фавориттерін атады. Италиялық маман Франция, Испания, Англия, Германия, Аргентина және Португалияны негізгі үміткер санайды, бірақ 48 құрама қатысатын турнирде тосынсыйлар да болуы мүмкін екенін ескертті.
Sky Sport Italy-ге берген сұхбатында атақты жаттықтырушы әлем чемпионатының кіл мықтыларын нақтылады.
«Фавориттер? Әдеттегі командалар. Франция, Испания, Англия, Германия, Аргентина, Португалия. Бірақ ӘЧ-2026-да 48 команда ойнайды, сондықтан тосынсыйлар болары сөзсіз. Ертең біз Сенегалмен ойнаймыз — олар Англияны 3:1 есебімен жеңген. Өте мықты команда. Сол сияқты Марокко да», – деді Анчелотти.
Анчелотти атаған «үздік алтылық» мынадай:
Анчелотти пікірін бағалау үшін соңғы әлем чемпионатын еске алу жеткілікті. 2022 жылғы финал футбол тарихындағы ең эпик матчтардың бірі болды:
Дәл осы екі құрама 2026 жылғы турнирдің де басты фавориттері саналады.