Қазақстан екі сенсация жасағанымен рейтинг бәрін таңғалдырды
Футболдан Қазақстан құрамасы қараша айындағы екі маңызды кездесуден кейін ФИФА рейтингіндегі өз орнын сақтап қалды. Бірі — сенсациялық тең ойын, екіншісі — күтпеген жеңіліс
Instagram/@kff_team
Бельгиямен тарихи тең ойын
15 қараша күні 2025 жылғы ӘЧ–2026 іріктеу кезеңінің соңғы турында Талғат Байсуфинов шәкірттері Еуропаның алып құрамаларының бірі — Бельгиямен 1:1 есебімен тең түсті.
Бұл нәтиже тек жанкүйерлерге емес, халықаралық басылымдарға да жаңалық болды. Қазақстан қорғанысы мықтылық танытып, фаворитке лайықты қарсылық көрсетті.
Фарер аралдарынан күтпеген жеңіліс
18 қарашада өткен жолдастық кездесуде Қазақстан құрамасы Фарер аралдарына 0:1 есебімен есе жіберді.
ФИФА рейтингі: Қазақстан өз орнын сақтады
Екі қарама-қайшы нәтижеге қарамастан Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде 115-орынды сақтап қалды. Құрама Мавритания мен Малайзия арасында орналасқан.
1-орын – Испания
2-орын – Аргентина
3-орын – Франция
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet