18 жастағы ойыншы басты мақсаты даму екенін жеткізді.
«Қайрат» пен Қазақстанның U-19 құрамасының қақпашысы Шерхан Қалмұрза өз мансабына қатысты жоспары мен армандары туралы айтты. Дәлірек айтқанда, 18 жастағы дарынды ойыншы Еуропаға кету мүмкіндігі мен келесі маусымдағы жоспарларын бөлісті.
«Алдын ала ештеңе айта алмаймын. Бірақ менің басты мақсатым — тұрақты ойнап, даму. Футболшы ретінде өсіп, тәжірибе жинағым келеді», — деді Шерхан Қалмұрза.
Шерхан Қалмұрза көпшіліктің назарын Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің алғашқы турындағы ойында өзіне аудартқан. Екінші турда “Реалға” қарсы матчта жас қақпашы төрт сейв жасап, оның бірі турдың үздік сейвтері қатарына енді. Бар болғаны бір тәулікте оның Instagram парақшасына 220 мыңнан астам адам жазылды.
Нәтижесінде, жас қақпашының жазылушылар саны 271 мыңға жетіп, оны Қазақстан футболындағы ең танымал ойыншыға айналдырды.