"Глазго Рейнджерс" Қазақстан құрамасының жұлдызына қызығушылық танытты
Қазақстан құрамасының шабуылшысы Ғалымжан Кенжебектің мансабын Еуропада жалғастыратын бірнеше нұсқасы пайда болды.
Қазіргі уақытта 22 жастағы футболшыға шотландиялық «Данди Юнайтед» клубынан нақты ұсыныс түскен, ал басқа еуропалық клубтар оның кандидатурасын қарастыруға дайын екендіктерін жеткізген.
Бірнеше күн бұрын Кенжебектің агенті тағы бір шотландиялық клуб – «Глазго Рейнджерспен» келіссөздер бастады, бірақ тараптар әлі ортақ мәмілеге келе қоймады.
Қазақстан құрамасының көшбасшысына Еуропаның сегіз елінен қызығушылық бар. Шотландиядан басқа, Словакия, Ресей, Грекия клубтары да жағдайды бақылап отыр.
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.