Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

"Барселона" Роберт Левандовскийдің орнына "Бавария" жұлдызын алмақшы

Сарапшы, спорт журналисі

Еуропа футболында тағы бір ірі трансфер туралы қауесеттер күшейіп келеді - "Бавария" шабуылшысы Харри Кейн жаңа маусымнан бастап "Барселона" сапында ойнауы мүмкін.

"Барселона" Роберт Левандовскийдің орнына "Бавария" жұлдызын алмақшы
Сурет: ашық дереккөздерден

Каталониялық ұжым жазда құрамды күрделі жаңартуды жоспарлап отырғаны айтылуда және бұл өзгерістердің арасында басты назар шабуыл шебіне аударылған.

“Барселона” Роберт Левандовскидің орнын Ағылшын шабуылшысы - Харри Кейнмен толтыруды қарастырып жатыр. Бұған дейін клуб "Атлетико Мадрид" шабуылшысы Хулиан Альвареспен келісімшарт жасау мүмкіндігін қарастырған, бірақ Aргентиналық ойыншының жоғары трансферлік бағасы келіссөздерді қиындатқан.

Содан кейін "Барселона" үшін Кейн нұсқасы қисынды және экономикалық тұрғыдан қолайлы көріне бастады. Transfermarkt порталының мәліметінше, 32 жастағы сұрмергеннің нарықтық құны 75 миллион еуро шамасында. Оның "Бавариямен" қолданыстағы келісімшарты 2027 жылдың жазына дейін жарамды, бұл трансферлік келіссөздерді тиімді өткізуге мүмкіндік береді.

Кейннің осы маусымдағы көрсеткіштері оның әлемдік деңгейдегі шабуылшы екенін тағы бір рет растап отыр. Ол барлық турнирлерде 17 матчта алаңға шығып, 23 гол соғып, 3 нәтижелі пас берді. 

Егер бұл трансфер жүзеге асса, "Барса" Кейн сияқты тәжірибелі, ойын жауапкершілігін өз мойнына алатын және командаға жан бітіретін орталық тұлғаға ие болады.

Бұл туралы не ойлайсыз?

👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір